Бір жылда нан, ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант секілді күнделікті тұтынатын тауарлардың барлығы қымбаттады.
Оның ішінде, ұн 16%-ке, қант пен май бағасы 33%-ке өсті. Жармалардың құны 28%-ке қымбаттаған.
Сондай-ақ коммуналдық қызмет бағасы да қымбаттаған. Мысалы, қоқыс шығару қызметінің тарифі 20%-ке, элетр жарығы 6,5%-ке өсті.
Соңғы аптада Қазақстанда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады. Аймақтарда 390-550 теңге аралығында сатылып жатыр.