Алматы орталығынан граната табылды
Алматы орталығынан граната табылды
117
оқылды

Полицейлер Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің маңын қоршауға алды.

Алматы қаласы Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты.

«5 қаңтарда сағат 16.45-те Алматы ПД шұғыл басқару орталығына Достық даңғылындағы аялдамада гранатаға (жарылғыш зат) ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайға шұғыл қызмет шақырылып, қоршауға алынды. Көліктер қауіпсіз жерге қойылды. Жарылғыш зат оқу-жаттығу гранатасы екені анықталды. Қазір оның қайдан шыққаны және кімге тиесілі екені анықталып жатыр», – деді ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.