Instagram, Facebook, Twitter, Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады
Instagram, Facebook, Twitter, Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады
177
оқылды

Instagram мен Facebook Трамптың аккаунтын 24 сағатқа, ал Twitter 12 сағатқа бұғаттады, – деп жазады «Қазақпарат».

Трамптың Капитолий маңында жақтастарына жолдаған видеоүндеуі әлеуметтік желіде көрсетілмейді. Видео әлеуметтік желіні пайдалану талабына сай келмейді. Дональд Трамп Вашингтонда митингте өзінің жеңілгенін мойындамайтынын айтқан. Жақтастарын Капитолийге барып, наразылық білдіруге шақырды. Осыдан кейін Вашингтонда коменданттық сағат енгізілді.

Бұған дейін Байденнің инаугурациясы апталығында әнші Димаш Құдайберген өнер көрсететінін жазған болатынбыз.