Электронды темекінің зияны

Электронды темекінің зияны

Дүниежүзінде жыл сайын темекі шегу салдарынан 8 миллион адам қаза табады. Соның ішінде 7 миллионы – темекі шегетін немесе бұрынырақта тастап кеткендер. Ал 1,2 миллионы темекі түтініне «тұншыққандар» екен. Осы орайда, «Салауат Астана» қоғамдық бірлестігі TÚTINDETPE.kz байқауын ұйымдастырды.

Бәріміз темекінің зиян екенін, қоршаған ортаға қауіпті екенін байқасақ та, бас тартпаймыз. Әсі­ресе, жастарға, жасөспірімдерге өзін темекіден аулақ ұстауға наси­хат жасауға ұмтылмаймыз. Ал «Салауат Астана» қоғамдық бір­­лестігі байқау жариялап, сең қозғады. Шарты қызықтырған бай­қауды барынша зерттеп көрдік.

Қазір дүкен сөрелерінен те­ме­кі бұйымдарының түр-түрін ке­зіктіресіз. Тіпті, жыл сайын жаңа өнім ұсынып жатқандар бар. Соның ішінде IQOS, GlO мен электронды темекіні тұтынбауға шақырып жатқандар көп. Бұл темекі, кальян, насыбайға әуес болмаңыз деген сөз емес. Байқау шарты да темекі бұйымдарының төңірегінде құрылған. Жеңімпаз атанғыңыз келсе, Instagram мен Facebook-те темекі өнімдерінің зия­ны туралы үздік ақпарат жария­лауы­ңыз керек. Байқауға 16 жастан асқан кез келген ерікті қатыса алады. Топ болып та, жекелей де бақ сынауға болады. Бастысы –жасөспірім санасына әсер ету. Темекі түтінінің өзі адам өмірін қиюға қауқарлы екенін түсіндіру. 4 аталымнан тұратын байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Әр ата­лым бойынша жеңімпазға 250 мың теңге беріледі. Қатысушылар әлеуметтік желіге #tútindetpe.kz #neparovoz'.kz хэштегімен 1 жел­­тоқсан мен 31 қаңтар аралы­ғын­да жазба жариялайды. 17 қаң­тар күні ең креативті видео мен вайн, челлендж, сурет пен жаз­ба авторлары марапатталатын бо­ла­ды. Үздіктерді танымал бло­­герлер мен белгілі тұлғалар ірік­тей­ді.

Байқау жайында білгенімізде, бізді IQOS, GlO мен электронды темекінің әсері жайы қызықтыр­ды. ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде қарапайым темекі шеге­тін­­­дердің саны азайып келеді. Бі­рақ электронды темекі тұтына­тын­­дардың саны қарқынды түрде өсіп жатыр. Мұндай үрдіс никотинге тәуелділіктің жаңа індетін тудыруы мүмкін екен. Ал елімізде кальян, те­мекі өнімдеріне тыйымды шын­дап салу қолға алынбай отыр.

Электронды темекіні АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығы (CDC) зерттеп шыққан. Аталған өнім­нің әсері өкпе обырына, брон­хио­литке әкеледі. АҚШ билі­гі электронды темекі тартуға тыйым салған. Өйткені Америкада электронды темекі салдарынан 37 адам қайтыс болыпты. 2019 жылғы қазандағы мәліметке сүйенсек, 1 888 адамның өкпесі зақымданған. Ал Ұлыбританияда 2,8 млн адам электронды темекі шегеді. АҚШ-та 3,6 млн жас аталған өнім­ге әуес. Зияны көп өнімнен құтылу мақ­са­тын­да әлемнің 25 елі элек­трон­ды темекі тұтынуға ты­йым салды. Олардың қатарында Таиланд, Камбоджа, Вьетнам мен Ливан бар. Ал 68 мемлекет электронды теме­кіні шығарып тастаудың амалын ойластырып жатыр.

Қызығы, IQOS ағылшын тілі­нен қазақшаға аударғанда «мен теме­кіні тастаймын» деген мағына береді. Мұны темекі нарығына ену үшін, танымал болу үшін сәтті қа­дамға балауға болады. Құ­рыл­ғы батареямен қуатталады. Оған темекі істікшесін қамтитын «жылу таяқ­шалары» орнатылған. IQOS өнді­рушілер жоғары темпе­ра­тура­дан зиянды түтін емес, бу шығады деп сендіреді. Алайда бұл олай емес. Бәрібір адам денсаулығына зия­ны бар. Өйткені FDA өнімге ар­найы зерттеу жұмысын жүргіз­ген. Құрылғыдан түтіннің 56 түрі бө­лінеді екен. Қалыпты норма­дан асып кететін жағдаяттар тір­кел­­­ген. Аталған ұйым темекіні қыз­­дыратын құрылғылар мен си­га­­реттер арасындағы теңдік бел­гі­сін нақтылайды. Қазақстанда да болашақта құрылғыларды те­­­мекі өнімдеріне теңестіретін нор­­­­­­ма­­тивтік-құқықтық база жа­­сақ­­­та­ла­ды. «Қазақстанды те­мекі тү­­ті­ні­нен азат ету» ұлттық коа­­ли­ция­­сы, «Са­лауат Астана» қоғам­дық бір­­лестігі осы жолда айрықша еңбек етіп жүр.

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ