«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді
5,194
оқылды
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізуде. Акциялар барысында еріктілер мен партия белсенділері Қазақстан тұрғындары арасында үгіт-насихат өнімдерін таратуда. Олар «Ақ жолдың» үгіт материалдарын сайлаушылардың есіктеріне дейін жеткізіп, буклеттерді қазақстандықтардың пошта жәшіктеріне тастайды. «Партияның үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Штабтың мүшелері барлық аймақтарда, іс-шаралар өткізуде, кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының еңбек ұжымдарымен кездесуде, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, – деп атап өтті Республикалық штаб басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына үміткер Айгүл Жұмабаева. – Кез-келген науқанның міндеті – мүмкіндігінше көп сайлаушыларды қамту, біз «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін барлық қазақстандықтарға жеткізуіміз керек. Сондықтан мұндай акциялар дәстүрге айналды». Бүгін «Ақ жолдың» астаналық филиалы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді, ол республиканың барлық аймақтарында жалғасады. «Үгіт-насихаттық буклеттерде партияның сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі ережелері қысқаша баяндалған. Жастар арасынан үгіт-насихат топтары әр тұрғын үшін үгіт-насихат парақшаларын жеткізу мақсатында тұрғын үйлерді үнемі аралап тұрады. «Ақжолдықтар» қазақстандықтардың әр есігі мен әр пошта жәшігіне қол жеткізуге тырысады», – деді партияның Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.