Алматыда 6 миллиард теңгеге жалған құжат толтырғандарға қатысты сот үкімі шықты
Алматыда 6 миллиард теңгеге жалған құжат толтырғандарға қатысты сот үкімі шықты
82
оқылды

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактурамен бухгалтерлік құжаттарды жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеуде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдардың салықтан жалтаруына көмектесу үшін «ЖШС арасында 6 миллиард теңгеден аса сомаға сауда-саттық болған» деген жалған шот-фактура жазған. Олар алдын ала өзара сөз байласып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен кінәлі 3 азамат 2,6 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Кінәлілер сот залында қамауға алынды.