Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.
Басқарма қызметкерлері Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады.
Қораны тінту кезінде жалпы салмағы 4 келі 535 грамм үш қап кептірілген марихуана табылды.
Күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.