Өртенген Нотер-Дам 5 жылда салынып біте ме?
Өртенген Нотер-Дам 5 жылда салынып біте ме?
102
оқылды

Франция президенті Эммануэль Макрон ел алдына «5 жыл ішінде шіркеу бұрынғыдан да әдемі болады» деп уәде берген болатын.

Тіпті, Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп өрттен екі күн өткен соң, Нотр-Дам шіркеуін қалпына келтіру үшін халықаралық сәулет байқауы өтетінін жариялаған. Өрт былтыр 15 сәуірде Франция жүрегінде болған. Бұл жайында барлық БАҚ жариялады.

 Өрттен кейін шіркеудің төбесі толығымен өртеніп, қабынып кеткендей сүйір ұшы ғана қалды. Бірақ XIII ғасырдың көзі, керемет қызғылт терезе, сансыз қасиетті жәдігерлер мен тастан соғылған ғимараттың басым бөлігі өртке оранбай, аман қалған. Ал Нотр-Дамның дін қызметшісі Патрик Шове «жақын арада айтарлықтай үлкен өзгеріс болады деп халықтың дәмеленбеуін сұраған».

 – Біз әлі бірінші кезеңдеміз. Онда ескерткіш құрылымын мықым бекіту қажет. Ал ол бастапқыда жоспарлағаннан ұзағырақ болатын секілді, – деді ол. – Содан кейін ғана жағдайды бағалай аламыз. Бұл – екінші кезең. Ал үшінші кезең 2021 жылы басталады. Негізгі қалпына келтіру жұмыстары сол кезде басталады, – дейді Патрик Шове.

Міне, содан бері 8 ай өтті. Шіркеуде өзгеріс бар ма, ол 5 жылда қайта қалпына келе ме? Президенті сөзінде тұра ма? Ол уақыт еншісінде...