Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері тағайындалды
110
оқылды
Сархат Бейсенова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы және бас санитар дәрігер лауазымына тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева ақпаратты растады. Сархат Бейсенова 2020 жылдың мамыр айында декретке шыққанға дейін елорданың санитар дәрігері қызметін атқарған. Сол уақытта оның орнында Жанна Пірәлиева қызмет атқарып келді. Жанна Пірәлиева қазір эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары қызметінде.