Қазақстанда 99 жастағы қария сайлау учаскесіне өзі барып, дауыс берді
Қазақстанда 99 жастағы қария сайлау учаскесіне өзі барып, дауыс берді
5,156
оқылды

Яхия Тасыров барлық сайлауға белсене қатысып келеді. Ақсақал көбінесе, сайлау учаскесіне бірінші келуге тырысады.

Қарт майдангер сайлаушыларға ақ батасын берді.

Яхия Тасыров Сырдария ауданының Құрметті азаматы 1922 жылы Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген, – деп жазады «Қазақпарат». Сталинград, Беларусь, Курск қалаларын, Польшаны азат етуге қатысқан. Майдангер 120 жауынгерден құралған автоматшылар ротасында болған. Сұрапыл соғыс кезінде оң аяғына оқ тиген.

Елге келгеннен кейін орта мектепте алғашқы әскери даярлық пәнінен сабақ берді. Одан кейінгі жылдарда еңбегі Тереңөзек, Жалағаш аудандық май зауыттарында жалғасты.

Кейіннен отын дайындау мекемесінде жұмыс істеп, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан.