Қазақстан сайлауды өте жоғары деңгейде ұйымдастырған – Армения ОСК өкілі Георгий Мартиросян
Қазақстан сайлауды өте жоғары деңгейде ұйымдастырған – Армения ОСК өкілі Георгий Мартиросян
260
оқылды

Бәрі жақсы. Сайлау Қазақстан заңы мен халықаралық нормаларға сай өтіп жатыр.

Бірнеше учаскеге барып қайттық. Ешқандай құқықбұзушылық байқамадық, ешқандай шағым айтпаймыз. Қазақстан мен Арменияның заңдары әртүрлі ғой. Белгілі бір айырмашылықтар бар. Біз бұл сайлауды армениялық емес, қазақстандық заң тұрғысынан бағалаймыз. Ұйымдастыру жағы да өте жоғары деңгейде екен. Пандемия жағдайында маска, медициналық қолғап, әлеуметтік арақашықтықты сияқты санитарлық талаптар сақталған. Тазалыққа ерекше риза болдым. Сайлаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің қауіпсіздігі мейлінше қамтамасыз етілген.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ