Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды — Ішкі істер министрі
Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды — Ішкі істер министрі
155
оқылды

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікірін білдірді, — деп жазды «ҚазАқпарат».

Бас прокуратура Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды.

«Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды. Оның ісіне қатысты барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жөнелтілді», ­— деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді. Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндірген болатын.