Журналистер Елбасының алғысымен марапатталды
Журналистер Елбасының алғысымен марапатталды
145
оқылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ журналистер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысымен марапатталды.

Елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен журналистер, атап айтқанда, "Хабар" агентігінің  тілшісі Дархан Әбдіуақит, "Казахстанская правда" газетінің  тілшісі Юлия Магер, "Қазақстан" арнасының тілшісі Әсима Бұхарбаева, "Алаш Медиа груп" медиа-холдингтің бас директоры Батыр Қазыбаев, "Назарбаев орталығының"  техникалық өндіріс бастығы Ернар Ибрагимов және "Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК" техникалық редакторы Қайрат Мақажановтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысымен марапатталды. 
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Твиттердегі" парақшасында жазды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!