Коронавирус ұйқыны бұзады - зерттеу
Коронавирус ұйқыны бұзады - зерттеу
127
оқылды

Коронавирус індетінен жазылғаннан кейін де ұйқының әдеттегі қалпына оралмау қаупі туындайды. Бұл туралы Сеченов университетінің ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Полуэктов мәлімдеді, - деп хабарлады ВАК. ⠀

Ғалымның айтуынша, коронавирустың басқа ауруларға қарағанда ауқымы кең және адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіндіктен, психологиялық күйзеліс тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда невропатолог дәрігермен кеңесу керек, ол тыныштандырғыш дәрі тағайындай алады. ⠀

Өз кезегінде невропатолог-сомнолог дәрігер Елена Царева коронавирустан жазылғаннан кейін ұйқыны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану, қосымша құрамында B6, B12 бар минералды дәрумендер кешендерін ішу керектігін айтады. Сондай-ақ ол қалқанша безінің функцияларын қалпына келтіру үшін мырыш, кальций және йод қажет екендігін айтты.