Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
5,194
оқылды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанболат Жөргенбаев тағайындалды.

Ол Алматы облысы, Кеген ауданына қарасты Қарқара ауылының тумасы. Қазақ политехникалық институтын және Д.А.Қонаев атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары Қапшағай қаласы, Қарасай және Талдықорған аудандары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады, «Құрмет» орденінің иегері.

Айта кетейік, партияның жұмысын қайта жандандыру аясында бұған дейін Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында филиал төрағасының бірінші орынбасарлары ауысқан болатын.