Дамудағы депутаттар үлесі
Дамудағы депутаттар үлесі
130
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және аппарат қызметкер­леріне мемлекеттік наградалар тапсыр­ды. Салтанатты шара барысында палата спикері еліміздің 28 жыл ішіндегі табыс­тары Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбе­гінің жемісі екенін айтты.

Бұл стратегиялық бағытты бүгінде Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді.

Тәуелсіздік табыстарына депутаттық корпустың да қосқан үлесі зор. Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы ынты­мақ­тастық пен достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мәжіліс депутаттары Асқар Ба­зарбаев пен Глеб Щегельский «Парасат» орденіне, Мәжіліс ап­па­раты басшысының орынбасары Дархан Медеубай «Құр­мет» орденіне ие болды. Ал «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі Иван Кли­менкоға, Мансурхан Махамбетовке, Тарас Хи­туовқа, Петр Шарапаевқа табыс етілді.

Қазақстанның Құрмет грамотасы аппарат қыз­меткерлері Асқар Жақыповқа, Марат Садықовқа және Айнаш Тәшімоваға берілді. Мәжіліс Төрағасы, сондай-ақ депутаттарға ТМД Парламентаралық ассамблеясының және ЕҚЫҰ Парламенттік ассам­блеясының наградаларын табыс етті.


Елдос СЕНБАЙ