Түркияда мәйіті орманнан табылған Арайлым Орынбаеваға қатысты тергеу басталды  
Түркияда мәйіті орманнан табылған Арайлым Орынбаеваға қатысты тергеу басталды  
207
оқылды

Бұл туралы КТК хабарлады.

Түркияда жеті ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесін полицейлер асылып қалған күйі орманнан тапты. 21 жастағы Арайлым Орынбаеваға анасы былтыр мамырда іздеу салған. Олар отбасымен  Анталияда тұрып жатқан екен. Анықталғандай, отбасында жанжал болған. Ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласып, Арайлым үйден шығып кетіп қалған. Содан 7 айдан бері қыздан еш хабар-ошар болмаған.

Іздеу нәтижесінде, 21 жастағы қыздың мәйіті орманнан табылды. Сот сарапшылары «өзі асылып қалған» дейді. Тергеушілер жас қыздың не себепті суицид жасағанын анықтап жатыр.