БҚО орналасқан мұнай кен орнында өрт шықты
БҚО орналасқан мұнай кен орнында өрт шықты
173
оқылды

Алдын ала деректер бойынша өрттің аумағы 300 шаршы метр

Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев мұнай-газ конденсат кен орнының вахталық қалашығында өрт шықты. Бұл туралы аймақтың ТЖД Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығы Ерлан Төрегелдиев хабарлады.

Қалашықта 13 вагон жанып кеткен. Әзірге олардың не мақсатта қойылғаны белгісіз.

«14 желтоқсан күні сағат 05:46-да Бәйтерек ауданына қарасты Чинарев кен орнының «Жайықмұнай» ЖШС тиесілі вахталық қалашығында 13 вагон жанып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт туралы 112 нөміріне үш сағатқа кешігіп "Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік емес өтр сөндіру қызметі хабарлаған. Оқиға орнына дереу БҚО ТЖД кезекші бөлімшесі мен өрт сынақ зертханасы жіберілді», – деді Төрегелдиев.

Өрт 09:07-де сөндірілді. Алдын ала дерек бойынша өрттің аумағы 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 28 құтқарушы мен 5 техника жұмылдырылған. Оқиға орнында полици қызметкерлері де бар.