Ақбота Керімбекова жаңа қызметке тағайындалды
Ақбота Керімбекова жаңа қызметке тағайындалды
234
оқылды
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.  Бұл туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева хабарлады.
"Менің досым Ақбота Шымкент қалалық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары болды", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.