Мәжіліс депутаты болып сайланған Ерлан Саиров өзіне артылған сенімді ақтайтынын айтты
Мәжіліс депутаты болып сайланған Ерлан Саиров өзіне артылған сенімді ақтайтынын айтты
232
оқылды
 «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаты болып сайланған саясаттанушы Ерлан Саиров партияға дауыс берген барша азаматтарға алғыс айтты. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 
«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін тұлғалардың тізімі жарияланды.
Маған «Nur Otan» партиясынан Мәжілісте еңбек ету мәртебесі бұйырып, сенім артылды.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, партияның саяси менеджментіне көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді.
Біз «Nur-Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін еңбек етеміз, біздің қызметіміз азаматтарымыздың нақты әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуге бағытталатын болады.
Бүкіл әлем сияқты Қазақстан да күрделі кезеңдерді басынан өткеруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей «Біз жұмыс орындарының қысқаруына, кәсіпорындардың жабылуына жол бермеуіміз қажет».
Біздің денсаулық сақтау жүйесі ұтымды, мектептер тиімді болуы керек.
Қабылданатын заңдар елдің адами ресурсын арттыруға қабілетті, азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс.
Заң шығару қызметі барлық азаматтардың өзекті әлеуметтік проблемалары мен рухани қажеттіліктерін шешуге бағытталуы абзал!
«Nur-Otan» партиясына дауыс берген барша азаматтарға алғыс айтқым келеді, біз саяси көзқарасқа, ұстанымға және қоғамдық көзқарасқа қарамастан, барлық халыққа қызмет етеміз.
Біз адам игілігі мен еліміздің әрбір азаматы үшін жұмыс істейтін боламыз!
Жүз гүл бүршік атсын!
Біз үшін басты аспект азаматтық бейбітшілік, қоғамдық даму, саяси эволюция, ел мен қоғамның әлеуметтік трансформациясы болып табылады!
Біз біргеміз!, - деп жазды ол.