Қарағанды облысы аумағында ескерту жарияланды. Автокөлік қозғалысы барлық бағыт бойынша жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Осыған байланысты Қарағанды облысы ТЖД мамандары келесідей ескертулер жасады:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;
- автожолдарда көлік құралдарының жиналуына жол бермеңіз;
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы дәмханаларда болыңыз.
Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы жедел ақпарат «Дәрмен» мобильдік қосымшасында, әлеуметтік желілерде ТЖД ресми парақшаларында қолжетімді.