Жылу мен су ақысы өскен бе?
Жылу мен су ақысы өскен бе?
5,260
оқылды

Бас қаланың тұрғында­ры жылуға төленетін ақының екі есе қымбаттағанын ай­тып, ша­ғым­дана бастады. Ал Табиғи монополияларды реттеу комитеті баға өс­пегенін айтып отыр.

Комитеттің ақпаратына қа­расақ, тарифтер был­тырғы дең­гейде сақталған. Әрине, құны әр өңірде әртүрлі белгіленген. Мә­селен, табиғи газдың бір текше метрі ел­ордада шамамен 30 теңге болса, Атырауда – 7 теңге 27 тиын. Қазақстан бойынша табиғи газ­дың бір текше метрі орташа ал­ғанда – 19 теңге 43 тиын. Ал жылудың бір гигакалориясы ор­таша 3 мың теңгеге тең. Десе де, ел бойынша жылуға ақмолалықтар аз тө­лейді екен. Шамамен, 1 600 теңге. Рес­пуб­ликаның басым бөлігінде жылу ақысы 2 мыңнан асып жы­ғылады. Алматы, Шымкент, Атырау мен Қостанайда тіпті қымбат. Мұнда жылудың бір гига­калориясы үшін 4 мыңнан астам төленеді. Электр қуа­тының тарифі де облыстарда әртүрлі. Қазақстан бойынша орташа ақысы 12 теңге 69 тиын деп белгіленген. Де­генмен аты­рау­лықтар әлдеқайда аз төлейді. Мұнда бір киловатт са­ғатына 5 теңгеден алынады. Ал­­матыда үш есе қымбат. Яғни, 17 теңге 12 тиыннан. Қазақстан бойынша суға ең аз төлейтін өңір – Шымкент қаласы. Олар тіршілік нәрінің текше метрі үшін 31 теңге береді. Ал маң­ғыстаулықтар 200 тең­геден сатып алып отыр. Қазақстан бойын­ша көмірдің орташа бағасы – бір тонна үшін шамамен 14-15 мың теңге. Қазақстан бойынша Шұ­баркөл көмірі ең арзан өңір Қарағанды екен. Мұнда бір тон­насы –10 мың 500 теңгеден. Көкшетауда 13 700 теңге шама­сында. Елор­дадағы көмір сататын жерден 14 мың теңгеге алуға болады. Павлодарда мың теңгеге қым­бат. Ақтөбе жұрты Шұбаркөл көмірінің бір тоннасын 15 жарым мыңнан алады. Қазақстан бойын­ша көмір ең қымбат өңір – Қос­танай. Мұнда тоннасы 16 мың теңгеден екен.

Ж.АҚҚАЙЫР