Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі елордада болған тонау әрекеті туралы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Алматы тұрғыны астанада қарақшылық шабуыл жасау кезінде түрін жасыру үшін қасының пішінін өзгерткен.
Мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пункті қызметкері 102 нөміріне хабарласып, белгісіз біреудің мекемеге кіріп, пышақпен қорқытқанын баяндаған. Сол жағалауда болған оқиғада медициналық бетперде киген жігіт қызметкердің айғайлап, жұртты көмекке шақырғанынан қорқып, қашып кеткен. Көп өтпей, полицейлер аталған қылмысқа 29 жастағы Алматы тұрғынының қатысы барын анықтады. Олардың мәлімдеуінше, ол қылмыс жасауға мұқият дайындалған. Қашып кету жолдарын қарастырып, қасының пішінін өзгертіп, біріктірген. Десе де, ер адам Алматыға қайтып, ізін суытып үлгерген. Бірақ полицейлер бағдар орнатып, оның тұрғылықты жерін анықтаған. Кейіннен қылмыстық іс қозғалып, күдікті Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.А.ЖОЛДАС