Еліміздің бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің финалына шықты. Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте 72-орында тұрған француз Жереми Шардимен кездесу өткізді.
Иә, Жереми Шарди тәжірибелі қарсылас еді. Әр партия жанкүйердің тағатын тауысып, жеңіске кімнің жететіні қызықтырды. Жалпы, жартылай финал 2 сағат 5 минутқа ұласты. Үшінші сетте Бублик жеңісті жұлып алды. Финалда отандасымыз әлемнің 23-ракеткасы, Аустрия өкілі Алекс де Минаурмен күш сынасады. Ол жартылай финалда дүниежүзінің 16-турнирдің 2-ракеткасын қапы қалдырды. Еске салсақ, Минаур АТР турнирін үш мәрте жеңген. Бубликке келсек, Александрда мұндай атақ жоқ. Теннис жанкүйерлері асыға күтетін дода финалы 13 қаңтар күні өтеді.Айбике ЖАНАСЫЛ