Астанаға қатынайтын жолдар қайта ашылды
Астанаға қатынайтын жолдар қайта ашылды
5,110
оқылды

Smart Astana Telegram каналының мәліметінше, 13 қаңтар сағат 06.00-ден бастап республикалық маңызы бар жолдар:

– «Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы» (Екатеринбург – Алматы жолының 1291-1426 шақырым аралығы); – «Нұр-Сұлтан – Павлодар облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті жолының 16 – 200 шақырым аралығы) трассалары қайта ашылды.

Сондай-ақ сағат 06.15-тен бастап республикалық маңызы бар жолдар:

– «Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы» (Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы – Киевка ауылы – Теміртау қаласы автожолының 36-51 шақырым аралығы) автожолында барлық көлік түрі үшін қозғалысқа қайта рұқсат берілді.