Мүмкіндігі шектеулі жігіт жоғалды
Мүмкіндігі шектеулі жігіт жоғалды
212
оқылды

Бауырының үйіне шыққан жігіт сол күйі қайтып орал­маған. Мүмкіндігі шектеулі жігіт төрт күннен бері табыл­май жатыр.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне кеше күндізгі 12.00 шамасында Макинск қаласының 45 жастағы тұрғынынан бауыры Нұрлан Есмағамбетовтың жоға­лып кеткені туралы арыз түскен. Ол 8 қаңтар күні кешкі 17.00 шама­сында бауырының үйіне ба­рамын деп шыққан күйі орал­маған. арық, бойы 155-160 сантиметр жігіт аяғын ақсап басады. Қыс­қалау шашы ағара бастаған. Шыққан кезінде қара түсті күрте, қара қысқы бас киім, қара түсті етік пен қара шалбар киген. «Жедел іздестіру шаралары ба­рысында тәртіп сақшылары жо­ғал­ған адамның Макинск қала­сында әпкесімен бірге тұрғанын анықтады. Ол үйінен бірнеше рет кетіп қалып, кейін біраз уақыттан кейін қайтып оралған. Жоғалған адамның 2 топтағы мүгедек екені анықталды. Соңғы рет облыстық психоневрологиялық диспансерде 2018 жылғы 10 ақпаннан 17 нау­рызға дейін «Емдеуді қажет ете­тін ақыл-ой кемістігі» диагнозы бойынша емделген», – дейді облыстық Полиция департаменті баспасөз қыз­метінің жетекшісі Гүлнәр Пин­чук. Емделіп шыққаннан кейін ол бірден Нұр-Сұлтан қаласындағы «Адал –Ниет» жеке қайырым­дылық қорына рәсімделіп, онда өткен жылдың 30 желтоқсанына дейін болған. Кейін шығып, әпкесінің үйіне барған. Полиция із-түзсіз жоғалған Нұрлан Есмағамбетов жайлы қандай да бір ақпарат белгілі болса, құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы