Зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсайтын, бұрын «Отбасы банкінде» есепшоты жоқ клиент арнайы есепшот ашады.
Арнайы шот ашу үшін:
ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android).
Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы «Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу» пернесін басыңыз.
Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.
Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі.
Келген кодты енгізіңіз
Сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындап қойыңыз.
Енді өзіңізді куәландыру қажет. Экранға қарап, қиын емес бірнеше іс-әрекетті орындаңыз.
Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз.
Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз.
Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз.
Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз.
Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылды. «Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады.
Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады.
Сонымен қатар арнайы шотты «Отбасы банкінің» сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы да ашуға болады. Арнайы шотты дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ашуға болады.