Қазақстан қайтадан "сары" аймаққа өтті
Қазақстан қайтадан "сары" аймаққа өтті
191
оқылды
Вице-министр, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Қазақстан қайтадан "сары" аймаққа өткенін айтты.
"Қазақстан "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. "Сары" аймақтан "қызыл" аймаққа екі облыс  - Қостанай және Ақмола облыстары өтті. Қазіргі уақытта "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары тұр. Қаңтарда Батыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.