Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов елімізде коронавирустың британдық штамы тіркелмегенін айтты.
Министрдің айтуынша, қазір вирустың бұл түрі Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланды, Ресей және басқа да бірнеше елде тіркелген. Жаңа вирус басқа нұсқаларына қарағанда өте жұқпалы.
«Әзірге зерттеулер жүргізіліп жатыр. Қазақстанда вирустың бұл түрі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы жұғатынын ескерсек, оны елімізге әкелу қаупін жоққа шығаруға болмайды», - деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.