Қазақстанда коронавирусың екінші толқыны басталды - ДСМ
Қазақстанда коронавирусың екінші толқыны басталды - ДСМ
167
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер  Ерлан Қиясов коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы айда елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған.
"Біздің байқауымызша, екінші толқын басталды ...Дегенмен біз бірінші, екінші деп бөлмейміз. Шындығында коронавирустың өршуі байқалады. Пессимистік сценарий орын алғанын көріп отырмыз, коронавирустың таралуы артқан өңірлерде екінші толқын  басталды деуге болады", - деді ол брифингте.
Бұған дейін Бас санитар Қазақстан сары аймаққа өткенін айтқан болатын.