Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
13 қаңтар күні астаналық ТЖД-ға Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Жеке құрамнан 9 адам және 2 техника оқиға болған жерге келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті.
«Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң ол 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді»,-делінген хабарламада.