Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
170
оқылды
Қызылорда облысында екі автокөліктің соқтығысып, үш адам көз жұмды. «Мерседес Спринтер» мен пикап жеңіл көлігі соқтығысқан. Апат Қызылорда қаласынан 60-70 шақырым қашықтықта болған. Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жеңіл автокөліктегі екі адам мен шағын автобус жүргізушісі көз жұмды. Үш адамның денсаулығына шағымы жоқ. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілсе, екеуін жедел жәрдем оқиға орнынан алып кеткен. Қазір апат орнында төтенше жағдайлар саласының мамандары жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көліктердің қандай мекемеге қарасты екені нақтылануда.