WBC «жастар» титулы үшін жекпе-жекте қытайлық қарсылас қазақ боксшының тегеурініне шыдай алмады
WBC «жастар» титулы үшін жекпе-жекте қытайлық қарсылас қазақ боксшының тегеурініне шыдай алмады
161
оқылды

Кездесу төртінші раундта тоқтатылды.

Кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек қытайлық Лешан Лимен жекпе-жек өткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу нәтижесі бойынша төртінші раундтан кейін қытайлық команда жекпе-жектен бас тартып, Лидің жеңілгенін мойындады. Осылайша Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингтегі 9-жеңісіне қол жеткізіп, екінші жеңіл салмақтағы WBC Youth белбеуіне ие болды.

«Жеңісімді еліме арнаймын. Баршаңызды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді боксшы жекпе-жектен кейін.