Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды
Елбасы кітапханасының директоры қызметінен босатылды
221
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әмірхан Рахымжанов Nur Otan партиясынан Парламент Мәжілісіне депутат болды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа шақырылған Мәжілістің сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.