Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылып, «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.
1) Алматы қаласы бойынша МКД:
«Алмалы-КРО» кеден бекеті қысқартылды;
2) Ақмола облысы бойынша МКД:
– «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;
3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:
– «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;
– «Морпорт» кеден бекеті, «Қарашекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;
– «Құрық» кеден бекеті құрылды;
4) Түркістан облысы бойынша МКД:
– «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.
Сондай-ақ бүгіннен бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру тоқтатылады. Сондыөтан кедендік рәсімдерді басқа кеден бекеттерінде жүргізуге болады.