Шопан мен 600 қойды қалың қардың құрсауынан құтқарды
Шопан мен 600 қойды қалың қардың құрсауынан құтқарды
132
оқылды

Табиғаттың мұндай мінезі, әсіресе шопандарға қиын соғуда.

Кеше Талас ауданы Үшарал  ауылында 600 бас қойды жайып кеткен 25 қойшының жоғалып кеткені туралы полиция бөліміне хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де отарды жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтайды.

Сақшылар 6  автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанып, жайылымнан  45 шақырым жерде оны отармен бірге тапты.

Шопан кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмағанын айтқан.

Жамбыл облысының Полиция департаменті малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қысқы кезеңде мал қорадан алыс жерлерге  отарды жаюға жібермеуге шақыруда.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы