Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Қазақстанға 1 379 жолаушы ұшып келген.
Оның 1 190-ында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 189 адам анықтамасыз келген.
Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына 6 рейс қонған. Барлығы 610 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 570, анықтамасыз – 40;
– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 149;
– Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;
– Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді. Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР тест тапсырды.
Ал 12 қаңтар күні Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 94 азаматының тест нәтижесі дайын болды. «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталды.