Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқуға түсуге құжат қабылдау басталды
Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқуға түсуге құжат қабылдау басталды
178
оқылды

Оқушылар үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінде құжат қабылдау басталды.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы физика-математика бағытындағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент қалаларындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды. Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31қаңтар аралығында өтеді.

Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының«Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.