Қызылорда облысында 5 адамның өмірін қиған жол апатын тексеру үшін комиссия құрылды
Қызылорда облысында 5 адамның өмірін қиған жол апатын тексеру үшін комиссия құрылды
202
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда-Құмкөл тас жолында 5 адам қаза тапқан жол апатының мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрды. 13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ға тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» компаниясының 1 жұмысшысы және «СПМК» ЖШС-ның 2 жұмысшысы қаза тапты. Жедел жәрдем қызметі жол апатынан зардап шеккен 8 адамды қалалық ауруханаға жеткізді. Ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның тағы 1 жұмысшысы қайтыс болды. Сондай-ақ «СПМК» ЖШС-ның тағы 1 жұмысшысы ауруханада қайтыс болды. «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмысшысы реанимация бөлімшесіне жатқызылды, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды. ЖКО салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды. Осы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтау үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының өкімімен Қызылорда облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төреахмет Жолымбетовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.