Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспары бар
Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспары бар
571
оқылды
Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалы салынуы мүмкін. Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында айтылды. Алматы-3 вокзалы құрылысын қолға алуды бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станса жүк ағынын төмендету үшін қажет.
«Бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда станса бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары Алматы-2 теміржол вокзалына бару үшін қалаға кірмей-ақ келе алады. Бұл әрекет негізгі вокзалдың жүктемесін азайтады», – деді «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.