14 шенеунік қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі мүмкін
14 шенеунік қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі мүмкін
5,197
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі мүмкін 14 шенеунік туралы айтты.
«Жауапкерлігі бойынша мониторингте тұрған 14-і, заң талабына сәйкес, егер олар саяси қызметшілер болса, басшылары отставкаға кетуі керек. Міндетті түрде. Ал Мемлекет басшысы отставканы қыбалдау-қабылдамауды өзі шешеді», - деді агенттік төрағасы.
Бұған дейін отставкаға кетуі мүмкін 14 саяси қызметкер туралы Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов 2020 жылдың қазан айында айтқан болатын.