Абылай хан алаңындағы бас шыршаның алдында тұрып дәрет сындырған екі жігіт ұсталды
Абылай хан алаңындағы бас шыршаның алдында тұрып дәрет сындырған екі жігіт ұсталды
5,216
оқылды

Көкшетауда Абылай хан атындағы орталық алаңда екі ер адамның кіші дәретке отырғаны жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

«Мониторинг жасау кезінде бейнекамера жазбаларынан инспектор Абылай хан алаңында орналасқан мұз қалашығында екі жігіттің еш ойланбастан шыршаның қақ алдында тұрып, кіші дәрет сындырғанын көріп қалды. Бірден оқиға орнына «Әскер-1» экипажы жолданды. Алаңға дереу жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 26 жастағы жігіттердің мас екенін анықтады, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Заң бұзушылар Көкшетау қаласының полиция басқармасының әкімшілік ғимаратына жеткізілген. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзақылармен тәртіп сақшылары профилактикалық әңгіме өткізді.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы