Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті
Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті
5,185
оқылды
  «14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы, «Мушелтой» шағынауданы, 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды. Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды», – делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ ТЖД мамандары 15 адам, оның ішінде 8 баланы арнайы баспалдақпен эвакуациялады.   «Өрт сағат 20 минуттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа шарпыған (жиһаз, теледидар және заттар жанған). Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болды», – деп толықтырды ТДЖ баспасөз қызметі. https://www.youtube.com/watch?v=5FYVLpAbYnA