Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар
101
оқылды
Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
«Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуымен байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі», — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Қаланың санитарлық дәрігері С.Бейсенова санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея болып саналатынын атап өтті.