Депутаттар тізімі жарияланды
Депутаттар тізімі жарияланды
240
оқылды

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 111-1-бабы және «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.8-тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 37 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Алматы облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.

Жалпы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 78%-ға жаңарды. Орташа жасы – 48, яғни 7 жылға жасарды. Тізімдегі 24 кандидат – праймериз қатысушыларынан, 13 кандидат партия филиалы төрағасының квотасы бойынша бекітілген. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық деңгейдегі мәслихатта жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясының жаңа құрамының 46,2%-ы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Негізінен, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ҮЕҰ, кәсіпкерлер, инфрақұрылым, көлік саласы, ауыл шаруашылығы және т.б. сала өкілдері енді.

Абылайхан ЖҰМАШ