Атырауда архивте сақталуы тиіс төлқұжат, жүргізуші куәлігі, анықтамалар қоқыста шашылып жатыр
Атырауда архивте сақталуы тиіс төлқұжат, жүргізуші куәлігі, анықтамалар қоқыста шашылып жатыр
5,221
оқылды

Атырауда тұрмыстық қалдықтар төгілетін аумақтан төлқұжат, жеке және жүргізуші куәліктері, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге тиесілі маңызды құжаттар табылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Құжаттарды қоқысқа кім тастағаны белгісіз. Шашылған қағаздардың ішінде кезіндегі халыққа қызмет көрсету орталығының мөрі басылған анықтамалар да бар. Олар он жыл бұрын толтырылған деп көрсетілген. Полицейлер қазір жауапсыздыққа жол бергендерді іздестіріп жатыр. Ал өңірдегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «бұлар күші жойылған құжаттар» деп ақталып жатыр. Әрі оның бәрін көші-қон полициясына өткізген екен. Сондықтан шалағайлық  «біздің тарапымыздан болған жоқ» дейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Тұрлан Нұржанов: «Кімнің құжаты және қалай ол жерге түскені туралы Ішкі істер органдарымен телефон арқылы сөйлесіп отырмыз. Тиісті органдар тексеріп жатыр. Мұның бізге қатысы жоқ», – деді.