Данияр Елеусінов 9-шы қарсыласымен көз түйістірді
Данияр Елеусінов 9-шы қарсыласымен көз түйістірді
150
оқылды

АҚШ-тың Финикс қаласында ұйымдастырылып жатқан бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов кезекті кездесуін өткізеді.

Олимпиада чемпионының бұл жолғы қарсыласы – Алан Санчес. Оның есімі АҚШ жұртшылығына жақсы танымал. Даниярға қарағанда Алан рингке жиі көтерілген. 25 кездесу өткізіп, оның 20-да жеңіске жеткен. 10 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Елеусінов болса бұған дейін 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуін нокаутпен жеңген.

Айта кетейік бокс кешінің басты кездесуінде Дэниел Джейкобс пен Хулио Сезар Чавес-младший жұдырықтасады.

Данияр Елеусінов.jpg
Финикс қаласы, Аризона штаты

Баспасөз конференциясы барысында Данияр мен Алан тұңғыш рет жүздесіп, көз түйістірді. Бұл туралы Данияр өзінің инстаграм аккаунтында жазып, фотосымен бөлісті.

Данияр Елеусінов соңғы кездесуін Madison Square Garden кешенінің кіші залында Решард Хикске қарсы өткізіп, бірінші раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.