Әлихан мен Бауыржанның аты берілді
Әлихан мен Бауыржанның аты берілді
428
оқылды

Мектептерге Алаш арыстары Әлихан Бөкейханұлы мен Бауыржан Момышұлының есімі берілген.

Теміртаудағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханұлының есімі берілді. Ол – «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1917 жылы Әлихан Бөкейханұлы Қазақ автономиясы үкіметінің басшысы болды. Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов бұл бүкіл ұжым, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды. «Жаңа жыл қарсаңында мектепке мемлекет дамуының бастауында тұрған Әлихан Бөкейханұлының есімі берілді. Біз бұған өте қуаныштымыз», – деді Бағдат Нашкенов. Сонымен бірге осындағы №23 мектепке белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлының есімі берілгені де қуантып отыр. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл атаулар біздің еліміздің тәуелсіздігі үшін көп еңбек еткен ұлы ата-бабаларға құрмет. Биыл Қазақстанның дербес мемлекетке айналғанына 30 жыл толады. Осыған орай Теміртауда ақындар айтысы, «Жауыртаудағы кездесу» облыстық форумының фестивалі және басқа да шаралар өтеді.

Жадыра АҚҚАЙЫР