Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

19 желтоқсан күні еліміздің қалаларында метеожағдай қолайлы болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 желтоқсанда ауа сапасы қолайлы болады деп күтілуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.