Жатақханада есірткі саудасымен айналысқан екі студент сотталды
Жатақханада есірткі саудасымен айналысқан екі студент сотталды
175
оқылды
Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өткен жылы Ақтөбе қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 18 жастағы екі студент ұсталған болатын. Студенттер қала көшелерінде синтетикалық есірткі салынған 22 пакетті жасырып үлгерген. Студенттер ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері колледж жатақханасының бөлмесінде тінту жүргізіп, таразы және көк түсті химиялық заттарды тәркіледі. "Халықты тұз, спайс және темекі қоспаларын тарату бойынша курьерлерді қабылдау туралы интернеттегі ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", – деп атап өтті ПД қызметкері Асхат Асқаров.